«Астана» қаржы орталығы мен ИДБ тобы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

Елордада Ислам даму банкінің тобы (ИДБ тобы) мен «Астана» Халықаралық қаржы

орталығы (АХҚО) арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Құжатқа «Астана» орталығының басқарушысы ҚайратКелімбетов пен ИДБ тобының басшысы Ахмад Мұхаммад Әли әл-Мадани қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz.

Меморандумның мақсаты – Қазақстан мен ТМД елдерінде исламдық қаржыландыру индустриясын одан әрі дамыту үшін ИДБ тобымен ынтымақтастықты нығайту.
«Астана» қаржы орталығының исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша күш-жігерін қолдау мақсатында ИДБ тобы бекітілген меморандум аясында төмендегідей техникалық көмек көрсетеді:
 Қазақстан мен ТМД елдерінде исламдық қаржыландыру индустриясын дамыту жөнінде ортақ шеберлік жоспарын әзірлеуге көмектесу;
АХҚО аумағында ислам қаржы институттарының жұмысы үшін тиісті құқықтық

және нормативтік база құруға жәрдемдесу;

 консультация ұсыну үшін халықаралық заң фирмаларын, реттеуші және салалық сарапшыларды, кеңесшілерді тартуға қолғабыс ету;
 адам капиталын дамыту мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектесу;
 ИДБ тобының ислам қаржысы саласындағы мол тәжірибесін қолдану, сондай-ақ ИДБ Тобына мүше мемлекеттер мен Қазақстан арасында кері байланыс мүмкіндігін ұсыну.
АХҚО міндеті – Қазақстанда және өңірде халықаралық стандарттарға сәйкес қаржы қызметтерінің өсуі мен дамуына жәрдемдесу.
ИДБ тобы мен «Астана» қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық экономиканың нақты секторын дамытуға оң ықпал етіп, өңірлік экономикалық және қаржылық ықпалдастыққа септігін тигізеді.
Дереккөз:
Жас Қазақ газеті