АХҚО мен Ислам даму банкі ортақ меморандумға қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ислам даму банкі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның басты мақсаты – Ислам даму банкі тобының қаржы саласындағы бірегей тәжірибесін пайдалану. «Астана» қаржы орталығы халықаралық стандарттарға cай келетін әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен тығыз жұмыс істеуге мүдделі. Себебі, еліміздегі қаржы орталығы Азиядағы үздік 10, сондай-ақ әлемдік озық 30 қаржы ұйымына кіруге ұмтылуда. Қазіргі таңда Ислам даму банкіне 56 ел мүше болып отыр. Банктың басты мақсаты – шариғат қағидаларына сүйене отырып, мұсылман елдерінің экономикалық және әлеуметтік өрлеуіне жәрдем беру. Халықаралық нарықта ойып тұрып орын алатын салмақты ұйым енді «Астана» халықаралық қаржы орталығымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатпақ.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы: – «Астана» халықаралық қаржы орталығы міндеттерінің бірі исламдық қаржы жүйесін дамыту болып саналады. Сол индустрияны дамыту үшін біз арнайы бағдарламаны дайып жатырмыз.
Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуіміз керек. Сол келісімшартқа сәйкес, Ислам банкінің үлкен көмегі болады.

 

 

Дереккөз:

Мониторинг СМИ по подписанию Меморандума по исламскому финансированию