ЕЛІМІЗ ҮШІН ҚАЙТАЛАНБАС МҮМКІНДІК

Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі офисінің қызмет жиынтығы экономиканың ұзақ мерзімді өсуінің және еліміздің әлемдегі беделді мемлекеттердің қатарына шығу әлеуеті  болып табылады. Осындай аса ірі шешім сумен және азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету бойынша ислам әлемі елдерінің маңызды қажеттілігін шешуге байланысты туындаған.

2011 ж. маусымдағы ИЫҰ сыртқы істер министрлер кеңесінің 38- мәжілісінде Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның атауын ғана емес («конференция» деген сөзді «ынтымақтастық» деген сөзге ауыстыруды), сонымен қатар аталған халықаралық ұйымның ­штаб-пәтерін Астанада ашу ойын мәлімдеген еді.
Қазіргі күні ИЫҰ көптеген елдерде, әсіресе Африка мен Оңтүстік Азияда, қажетті азық-түлікпен және ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көптеген мемлекет аталады.

Шығанақтағы араб елдері (САК, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Катар, Оман) өздерінің стратегиялық құжаттарында аймақтың жалпы қауіпсіздігі жағдайында сапалы өнімдерді тұрақты жеткізуге аса мән береді.

Осы елдер өзге де мұсылман мемлекеттерімен «оңтүстік-оңтүстік» жазықтығында екі тарапты форматта қауіпсіздік мәселелері жөніндегі донор болып табылады. Дегенмен осы бағытта ИЫҰ деңгейінде бірлескен жұмыс әлі жүргізілген жоқ. Осылайша, құрылатын халықаралық ұйым алғаш рет жүйелі түрде және барлық ислам елдерінің мүддесіне «бағытталған», экономикалық игілік пен әлеуметтік тұрақтылық факторы ретінде азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша аса маңызды мәселені жоғалтпайтын шартта көрінуі керек.

2016 жылы Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (ИАҚҰ) кедейшілікпен және аштықпен тұрақты күрес жүргізуде сөзсіз негізгі қозғаушы күш болмақ. Осыған орай азық-түлік импортына байланысты (2013 ж. 412 млрд долл. жұмсалған) 2018 ж. бастап шетел агросекторына белсенді инвестициялар жүргізіле бастады.

Олар ауыл шаруашылығын өз жерінде де дамытуға қанша тырысқанмен шөлейт ауа-райынан және су қорларының жоқтығынан көп мөлшердегі шығынның жұмсалуына кезігеді.

Бұл ретте Қазақстан ислам елдерінің ірі инвесторларының назарын аударуда. Осыған орай ҚР аумағында бидай өндірісін жүзеге асырып, оны әрі қарай экспортқа шығарумен Катар инвестициясын («Хассад Фуд» мемкомпаниясы  оны Австралияға енгізгені сияқты инвестиялауға тілек білдірді, бұл шамамен 500 млн долл.) ұйымдастыруға талпынысы туралы айту керек. Мұнан басқа да Египет пен САК сияқты елдер еліміздің ауыл шаруашылығына инвестиция тартуға аса қызығушылық танытып отыр. Және АҚИҰ ауыл шаруашылығы әлеуетін дамытуға сыртқы жеке инвестициялық ағындарға «шатыр» болмақ, сонымен бірге қандай-да бір жергілікті озбырлықтан немесе әкімшілік кедергілерден сенімді қорғалады.

Қазақстан әлемге осындай орасан зор халықаралық бастаманы мәлімдей отырып, жақын елдерге азық-түлік экспорты-импорты бойынша (әсіресе астық) қысқа мерзімді мәселелерді қарайтын болады, сонымен қатар азық-түлік және су қауіпсіздігінің аса маңызды аспектілері бойынша «негізгі білім мен технологиялардың» жүйелі интеграторы мен әзірлеушісінің рөлін атқарады. Бастаманы Қазақстан әлемдік экономика мен саясаттағы аса беделді елдер қатарына шығарады. Бұл сондай-ақ мемлекет Басшысының халықаралық өзге де бастамаларымен қатар EXPO 2017, БҰҰ ҚҚ, G-Global, ATOM мүшелігіне де енуге де түрткі болады.

АҚИҰ – бұл жер бетінде кедейшілікпен күрес пен ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде тұрақты даму бойынша мыңдаған жылдар бойы мақсатына жетуге тікелей жасалған қадам (идея бастамашысы ретінде еліміз үшін қайталанбас мүмкіндік) екенін ескерту жөн.

Қазақстан үшін орасан зор саяси және экономикалық дивидендтермен оның ұзақ мерзімді табысына толық кепілдік беретін осы халықаралық жобаның аса маңызды жағы – құрылымның өзінің қор жинауы мен алдағы уақытта да АҚИҰ жобаларын тарту мәселесі. Осы мәселе  іс жүзіне жобаны шығаруда шешуші болып табылады. Айтулы жобаға қатысуда жергілікті кәсіби мамандарға да қажеттілік туады.

Қазақстанда ИЫҰ көпшілік елдерінің ерекшеліктері мен бүкіл спектр бойынша қаржы-банктік жүйеде мықты әрі тәжірибелі, осы елдердің үкіметтік және инвестициялық ортасында нақты бедел мен атаққа ие  мамандар бар. Қазіргі күні АҚИҰ қорларын жұмылдыруды белсендіру мен жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар қажет.

Осындай мақсатқа лайық маңызды мәселені шешу жобасы мемлекет Басшысының қырағы сыртқы саясатының жобасының арқасында. Осыған дейін Қазақстан аса белсенді рөл атқармастан кейбіреулердің экономикалық бастамаларына немесе халықаралық ұйымдарына қосылған. Қазір еліміз жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде басты қатысушылардың бірі болатын кез келді, адамзаттың көкейкесті қажеттіліктерін бірлесіп шешуде ОИС 57 елінің қатысушыларына есігін айқара ашады. Осыған байланысты АҚИҰ шығару бойынша басым міндеттерді орындауға бірігу қажет. Бұл – нағыз «ғасыр жобасы».

 

Дереккөз:

http://www.m.kazpravda.kz/articles/view/unikalnii-shans-dlya-strani/