АҚШ-тағы мұсылмандар ислам қаржы жүйесін қолданады

Чикагодағы  «Devon» банкінің кіре берісінде үй сатып алуға клиенттерді ислам баламасына жіберу үшін «Сенімге негізделген қаржыландыру» деп жазылған жарнаманы көресіз.

Пайызсыз мәміле жасасуға, тәуекелді серіктестікті бөлуге және альтруистік құрбандыққа  негізделген ислам қаржы жүйесі дүние жүзіндегі бірнеше миилиондаған мұсылмандардың қаржылық тәжірибесінде ерекше орында.

Чикагодағы мыңдаған мұсылмандар дәстүрлі қаржыландыру қызметтерін пайдаланумен шариғат пен ислам құқығына негізделген ислам қаржы жүйесін пайдаланады.

Негізі Лондонда қаланған Ислам банкингі және сақтандыру институтының (IIBI) мәліметтеріне қарағанда теңдік пен әділдікті арттыру мақсатында этикалық, моральдық, әлеуметтік және діни көзқарасқа басты назар аударылады. Бұл дәстүрлі қаржы жүйесінің мәмілелердің экономикалық және қаржы аспектілеріне жұмылдырылғандығын көрсетеді.

Чикаго университетінің ислам құқығы және қаражат пәнінің оықтушысы Синтия Шоамарех АҚШ мұсылмандары сенімге негізделген қаржыландыруды ұстануды қажет деп табатындығын сипаттайды.  «Мен бір уақытта екі түрлі жүйеде жұмыс істеу оңай деп ойламаймын», — дейді ол. «Егер барлық дүкендер бір қалада бір уақытта жасалатын дұға кезінде жабылса, сіз де дұға жасауға барасыз. Ал батыс елдерінде басқаша».

АҚШ кейбір мұсылмандары үстемдік етуші америкалық қаржы жүйелеріндегі ислам қаражаты саласындағы экономикалық операцияларды өңдеу бойынша әр түрлі айналма жолдармен шариғатқа негізделген қаржы жүйесін ұстанады.

«Біз шарт бойынша пайыз алынатын ақшаны пайдаланбаймыз», — дейді Оук-Паркте тұратын үнді-америкалық мұсылман Бина Хабиби. Хабиби ислам қаражатын қатаң ұстанбайды, алайда оның отбасылық табысының нақты пайызы «байлықты бөлетін» қайырымдылыққа жұмсалады.

Сент-Луистегі Вашингтон университетінің 24 жасар ирандық студенті Сейед Фоуад Мотахари үшін ислам қаражат жүйесінің заңдылығы анық емес.

«Жеке тұлға ретінде мен ақшамды ағымдағы шотқа салдым, мен салымнан ешқандай пайыз алмаймын», — дейді Мотахари.

«Devon» банкі 2003 жылы Чикагодағы өз клиенттері үшін шариғат қағидаларына сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй кредиттеу және коммерциялық лизингтік баламалар жүйесін құрумен шариғатқа негізделген балама қаржыландыруға бастамашылық жасады.

«Devon» банкінің ислам қаражаты бойынша аға кредит офицері  Бадих Алхатибтың пікірінше сол уақыттан бері банктің филиалында ислам қаражатының экспоненциалды өсуі байқалады.

«Тұрғын үйді қаржыландыру біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады», — дейді ол. «Бізде араб тілінен аударғанда «төлем мерзімін ұзартумен сату» деген мағынаны білдіретін мурабаха қолданыста.

Осы жүйенің аясында банк жылжымайтын мүлік сатып алады, содан  кейін  сомасы банктің шығыны мен табысы болып есептелетін  клиентпен Сатып алу-сату шарты жасасылады.

«Дәстүрлі банктерде олар ислам қаражатына рұқсат етілмейтін қарыз келісіміне қол қояды,» — деп түсіндіреді Алхатиб.

Чикагодағы Ислам тұрғын үй қаржыландыру жеке фирмасы (Никита Мандхани/Медил)

Бүкіл әлемдік банк сайтының мәліметтері бойынша бүкіл әлемдік ислам қаражаты 10-нан 12-ге дейін  жылдық өсім мөлшерлемесіне ие. Шариғат қағидаларына сәйкес келетін әлемдік қаржы активтері «банктік және банктік емес қаржы мекемелері, капитал нарығы, ақша нарығы мен сақтандыру» қазіргі кезде шамамен 2 трлн. доллармен бағаланады.

Заманауи ислам қаражаты индустриясының салалық негізгі ойыншылары құрылымның шариғатқа, заңгерлерге және мемлекеттік реттеуші органдарға сәйкестігін анықтайтын осы саланың практиктері, шариғат ғалымдары болып табылады,- дейді америкалық ислам колледжі пәні бойынша 10-қарашадағы лекциясында Шоамарех.

Шариғаттың түрлі «адами интерпретацияларына» негізделген әр түрлі философиялық мектептерге байланысты өнім шариғат қағидаларына сәйкес келе ме немесе келмей ме,- деп көрсетеді Ислам банкингі мен сақтандыру институтының сайты.

«Ислам қаражаты, сондай-ақ сәйкестік индексі маркетингі ретінде мәлім», — дейді Чикагодағы Пәкістан клубының президенті Ризван Кадир, шариғатқа негізделген көптеген аспаптар көп клиент тарту мақсатында ұсынылады деп өз ойын қорытындылаумен.

«Бұл туралы исламдық емес ешнәрсе жоқ, сонымен қатар бұл туралы исламдық та ешнәрсе жоқ».

Шоамарех мұны «тұтынушылардың мәселесі», оның ішінде тәжірибеші мұсылмандар үшін  деген пікір айтады. «Өнім исламмен келісілгенде ғана, ол сатып алынады».

 

Түпнұсқасы:

http://news.medill.northwestern.edu/chicago/how-muslims-in-the-u-s-follow-the-islamic-financial-system/