Болат Жәмішев ислам лизингінің басымдықтары туралы әңгімеледі

Ислам иджар аспабы стандарттық лизингтен көрі қазақстандық шынайылыққа негізделген. Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) Басқарма төрағасы Болат Жәмішев осындай пікір айтты деп хабарлайды LS.

 

Төраға лизингке берілетін мүліктің ұстап тұру шығындарын лизинг беруші көтеретіні – бұл иджараның артықшылықтарының бірі екенін айтты.

Сондай-ақ ол «ҚДБ-Лизинг» еншілес компаниясының құрылыс жабдығын жалға беру бойынша ұйымның мүлікке жауаптылық көтермейтіні, жүйелі түрде жарна алынғандығы жайындағы сәтсіз тәжірибе жөнінде ескертті.

Ал иджара жағдайында лизинг затына бақылау жасалады. Көп ретте ислам өнімі іс жүзінде қолайлы, – деп атап өтті Болат Жәмішев. Иджара лицензияланбайтындықтан аспапты қазақстандық нарыққа ендірген қолайлы.

«ҚДБ — ТМД –да сукукты алғаш эмитирлеген, 240 млн малазия ринитін (балама $75 млн.) тартқан банк. Ислам банкингі қаражат тартумен қатар активтерді құрастыруды, иджараны ендіруді жоспарлайды», – деп түсіндіреді ҚБД басшысы.

2016 жылы ислам лизингін ендіру көзделген. Бүгінде қатысушылар осы тарапта жан-жақты жұмыс жүргізуде.

«Біз кеңінен пайдаланылатын аспапты таңдадық. Оның қаншалықты талап етілетіндігін уақыт көрсетеді», дейді иджараның кең тарауына нақты болжам жасамаған Болат Жәмішев. Ол сондай-ақ ислам банкингі ешқандай конфессионалдық тиістілікке жатпайтынын айтады.

«Бұл дара құрылымданатын, өзгеше экономикалық желіге ие қаржы аспабы. Қаржы аспаптары көптеп ендірілген сайын клиент те тиімді әрі кең таңдау жасамақ», – деп қорытындылайды пікірін ҚБД төрағасы. Ол ҚБД нарыққа ислам банкингінің өзге де өнімдерін енгізу мүмкіндіктерін атап өтті. Дегенмен қазіргі күні ол жөнінде нақты шешім айту ертерек. Бұрын ҚБД өзінің еншілес ұйымы арқылы жаңа қаржы аспабы – иджараны ендіруді хабарлаған болатын. Бұл жөніндегігі тиісті меморандумға ҚБД, оның еншілес ұйымы «ҚБД – Лизинг» және Al Hilal Ислам банкі арасында қол қойды.

 

Негіз:

http://www.kursiv.kz/news/finansy/bolat-zamisev-rasskazal-o-preimusestvah-islamskogo-lizinga/